$454.98 €509.53 ₽5.37

Астанада жолақы қымбаттайды

AstanaTV
05.10.2026ж. 19:00
Астанада жолақы қымбаттайды

1 желтоқсаннан бастап Елордада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 150 теңгеге көтеріледі. Дегенмен, азаматтардың жекелеген санаттары үшін қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі сақталады.  Тарифтің қымбаттауына- тасымалдаушылар шығынының артуы себеп.  12 жыл бұрын жүргізушілердің орташа жалақысы 100-150 мың теңге шамасында болса, қазір автобус класы мен жұмыс режиміне қарай 700 мың теңгеден басталады. Бұдан бөлек, қосалқы бөлшектердің де құны айтарлықтай артқан. Соған қарамастан, кейінгі үш жылда қалада  1127 жаңа автобус сатып алынған. 

2014 жылдан бері тасымалдаушылардың негізгі шығындары, атап айтқанда, жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың құны, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығындар айтарлықтай өсті. Мәселен, 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге болса, қазіргі уақытта оның бағасы 329 теңге. Осылайша, аталған кезеңде дизель отынының құны 3 еседен астам өсті.