$453.65 €509.99 ₽5.31

Қазақстанда кептелісті азайту үшін жаңа жүйе сынақтан өтеді

Қазақстанда кептелісті азайту үшін жаңа жүйе сынақтан өтеді

Қазақстанның ірі қалаларында көлік ағыны ақылды жүйе арқылы басқарылады.

Жаңа жүйе сынақтан өтпек. Пилоттық жоба көлік ең көп  жиналатын учаскелерде іске қосылады. Ол жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, көлік ағынының қай жерде көбейетінін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.  Сынақ кезінде тиімді болған шешімдер кейін басқа учаскелерге де енгізілмек.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Ірі қалаларда көлік кептелістері кезінде ғана әрекет етпей, саланы жүйелі басқаруға көшу қажет. Бұл азаматтардың жүріп-тұруына, қалалық ортаның қауіпсіздігі мен сапасына тікелей әсерін тигізеді. Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, екі ай мерзімде ірі қалалардағы көлік ең көп жүретін учаскелерді анықтап, онда қозғалыс легін интеллектуалды басқаруды пилоттық режимде іске қоссын.