$453.65 €509.99 ₽5.31

Ерлан Сайыр: Қоғам Ата заңның нормаларын бұлжытпай орындауы керек

Ерлан Сайыр: Қоғам Ата заңның нормаларын бұлжытпай орындауы керек
фото скрин

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайырдың Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруға қатысты депуттаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Astana TV.

Жаңа Конституцияның қабылдануымен біз Еліміздің саяси тарихында маңызы орасан зор саяси реформация кезеңін бастан өткердік!

Еліміз  бір саяси дәуірден, прогрессивті дәрежесі жоғары саяси кезеңге аяқ басты!

Бұл реформалардың басты мақсаты — Қазақстанда болашақ сын-қатерлерге жауап беруге қабілетті мемлекет,тұрақтылық пен плюрализмпринциптеріне негізделген саяси жүйеқалыптастыру. 

Сонымен қатар, Президент Тоқаев мемлекет пен қоғам арасында байланысты күшейтіп, халқымыздың дәстүрлі рухани тамырымын тереңдету мақсатында «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан»концепцияларын 
ұсынып отыр.

Бұл Концепцияларды Ел мен Жерді, Қазақстанның Тұтастығы ментұрақтылығын сақтау мақсатында халқымыздың саяси мәдениетін арттырып,қоғамның гармониясын сақтауға бағытталған заманауи Моральдық Кодекс деуге болады.

«Әділет» Фракциясы Мемлекет басшысы Тоқаевтың прогрессивті саяси реформаларын нық бекіту үшін мемлекеттік құзырлы органдар келесі қадамдар жасауы қажет деп есептейді, – деді депутат.

Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр негізгі бағыттарды атады. 

 

1. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,  Еліміздің жаңа Конституциясының новеллалары мен нормаларын халық арасында жүйелі түсіндіру.

2. Мемлекет берік болуы үшін мемлекет пен қоғам Конституция құндылықтарын сыйлап, оны бұлжытпай орындайтын дәрежеге жетуі керек! 

Сондықтан, Жаңа Конституция құндылықтарын жеткіншек ұрпаққа да,ересектерге де толыққанды насихаттаудың ұтымды, заманауйбағыттарын кешенді түрде ойластыруөзекті.

3. «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» концепцияларының бір реттік акция емес, қоғамның дамуы, азаматтармен мемлекет қарым-қатынасының жаңа келбетіне бастайтын терең философиялық бағыт екендігін айқындау.

Осы негізде, мектеп, жоғарғы оқу орындарында, аталған концепциялардың маңызы жөніндегі тақырыптық сағаттар өткізу, әдістемелік курстар ұйымдастыру, аталған концепцияларды насихаттап, іс-жүзіне асырудың жүйесін жасау маңызды.

Мемлекет басшысының еліміздің саяси жүйесін реформациялаудағы басты мақсаты халықаралық құқық девальвацияға ұшырап, жаһандық тұрақсыздық жайлаған кезеңде Қазақстанда Елдікті сақтап,  Тәуелсіздікті Мәңгі ету!

Баршамыз осы міндет биігінен шыға білуіміз қажет, – деді ол.