Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген 7 жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Astana TV.
Көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқару тек жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді. Тек соңғы бір аптаның ішінде полиция қызметкерлері осындай 7 құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Барлық материалдар сотта қаралды. Сот шешімдерімен құқық бұзушылар көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полицияның бұл бағыттағы жұмысы жалғасуда. Мұндай құқық бұзушылықтар анықталып, жолы кесілетін болады. Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге заң аясында қатаң шаралар қабылданады.