Елорда мектептерінің бірінде киім ілетін орынға бір мезетте барған оқушылар кептеліп қалды. Видео әлеуметтік желіде тарады. Автордың айтуынша, бұл №99 орта мектепте болған. "Кейбір оқушылар есінен танып қалды" деген жазбалар да бар.
Астана қаласы білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты шара қабылданғанын хабарлады. Жауапты тұлғалар жазаланып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ал оқушылардың зардап шеккені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
АЯЖАН АМАНТАЙҚЫЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Бейнебақылау камераларды зерттеу нәтижесінде оқушылардың есінен талып қалғаны туралы ақпарат расталмады. Қазіргі таңда мектепте кезекшілік шаралары күшейтілді. Оқушылардың қауіпсіз қозғалысына байланысты қосымша шаралар қабылданды. Оқиғаға байлансты мектеп басшысы атқарып отырған қызметінен босатылды.