9–14 қазан аралығында елордада әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жүргізіледі, деп хабарлайды Astana TV.
Сондай-ақ, 10–14 қазан күндері Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл шектеулер елордада өтетін халықаралық саяси іс-шараларға байланысты енгізілмек.
Әскери авиацияның ұшу жаттығулары 9 қазаннан басталады.
Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.