$453.93 €508.72 ₽5.35

Сыныптасын өлтірді

09.10.2026ж. 21:56
Сыныптасын өлтірді
фото: Zakon.kz

Жетісу облысында жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Astana TV.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжал сабақтан кейін болған. Екі жасөспірім арасында дау туып, бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Ол сол жерде көз жұмды. 

«Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.

Полиция дерегінше, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша мектеп қызметкерлеріне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.