$453.93 €508.72 ₽5.35

Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты

Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты
Фото: Report

Түркияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жол апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алды

Жол апаты «Гебзе — Орхангази — Измир» автомагистралінің Ақхисар ауданына қарасты ақылы жол өткізу пункті маңында болған, деп хабарлайды Astana TV.

 

Автобус Бурса қаласынан Денизли провинциясындағы Памуккале ауданына қарай бет алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус артқа қарай жүрген. Осы кезде жүк көлігі автобустың артқы жағынан соғылған. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Ауыр жарақат алғандары бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.