$453.93 €508.72 ₽5.35

Жер сілкінісі: 420 ғимаратқа зақым келді

Жер сілкінісі: 420 ғимаратқа зақым келді
Фото: La Prensa Panamá

Елде төтенше жағдай жарияланды

Панамада магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі тіркеліп, ел аумағының басым бөлігіне әсер етті, деп хабарлайды Astana TV.

Кейінгі бірнеше тәулік ішінде Панаманың орталығы мен оңтүстік аймақтарында бірнеше дүмпу мен артынша 100-ге жуық афтершок тіркелген. 

Жарақат алғандар 30 адамға жуықтаған. Табиғи апат салдарынан шамамен 420 ғимарат, 9 көпір, 7 қонақүй мен кемінде 13 шіркеу зақымданған. Бүлінген нысандарды қалпына келтіру және зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті үйлестіру үшін арнайы комиссия құрылған.