Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны арта түсті. Жұқпалы ішек инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 100-ге жуық адам ауруханада жатыр. Мұны біздің арнамызға аталған емдеу мекемесінің мамандары айтты. Халықтың жаппай улануының нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір арнайы құрылған комиссия оны анықтау үстінде. Аймақтағы ахуалды әріптесім Айзада Төребекқызы баяндайды.
Өткір ішек инфекциясы деген диагнозбен аурухана төсегіне таңылған науқастардың жағдайымен облыс басшысының өзі келіп танысты. Сондай-ақ аймақ басшысы жедел штаб отырысын да өткізді.
Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Есть ваши права, понимаете, обязанности. Права ваши проверять, обязанности на опережение работать. Жаңағыдай болғаннан кейін, ертең тағы басқа мороженое сататын жер, кафеден отравиться етсе, не істейміз?!.. Сол отравиться еткенге дейін күтіп отырамыз ба?
Басы айналып, құсып, іш өткен соң дәрігер көміген жүгінгендердің алды ауруханаға бірнеше күн бұрын жеткізілген. Жұма күні олардың жалпы саны 61-ге жеткенін хабарлаған едік. Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгінде науқастардың 38-і үйлеріне жіберілсе, қалғандарына тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр. Ал ауруханаға жүгінгендердің жалпы санын ешкім ашып айтпай отыр. Бірқатар БАҚ-да уланғандардың саны 188 адамға жетті деген мәлімет тарап үлгерді. Олардың арасында тек ауруханаға жатқызылғандардың саны жүзге жуықтаған.
Мұрат Ағабаев, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Жұқпалы аурулар ауруханасында 100-ге жуық науқастар жатқызылған. Олардың жағдайы бүгінгі күнге тұрақты, орташа дәрежелі. Ең көп түскен отызына түскен, 30-наурыз, оның ішінде үш науқас жағдайы ауырлығына байланысты жан сақтау бөлімшесіне жатқызылған. Олар толық ем алып, инфузиялық-антибиотикалық терапия алғаннан кейін жағдайы тұрақталғаннан кейін үшеуі де отделениеге өткізілген.
Бас дәрігердің айтуынша, қазір жағдай тұрақты. Айта кетейін, құйылмалы балмұздақ сататын орынның жұмысы қазір тоқтатылған. Дәмхана да, тәтті сататын дүңгіршек те жабық тұр. Ал олардағы тазалық қаншалықты сақталды, тиісті бақылау болды ма, бұл сұрақтың басы ашық күйінде қалып тұр. Бізге белгілісі облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті осы аумаққа жауапты Әл-фараби аудандық басқармаға қатысты қызметтік тексеруді бастап кеткен.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Өткен жұма күні сондай-ақ балмұздақ сату орыны мен ондағы қызметкерлерден сынама алынғанын айтқанбыз. Оның нәтижесін қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер ертең жариялаймыз деп отыр.
Айзада
Төребекқызы