$451.31 €504.56 ₽5.36

БҚО-да төрт бала туған анасынан бас тартты

13.10.2026ж. 19:00
БҚО-да төрт бала туған анасынан бас тартты

Батыс Қазақстан облысында бір үйдің балалары туған анасынан бас тартып, әкесін таңдады. Оларды құптаған сот бүлдіршіндерді әке тәрбиесіне беру туралы шешім шығарды. Сот кезінде мәлім болғандай, ажырасқан ерлі-зайыптылардың үш баласы әкесімен, бір баласы анасымен тұрған. Кейін отағасы барлық баласын әйеліне беруге келіседі. Бірақ тағы да тұрмыс құрған келіншек басқа қалаға қоныс аударады. Бұл аздай бала тәрбиесін ұмытып, қараусыз қалдырған кездері де болған. Тіпті осы әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылыпты. Анасына көңілі қалған балалар шешесінен бас тартқан. Бұған өздерін үнемі қорқытатын өгей әкесімен тіл табыса алмауы себеп болыпты. Сот балалардың көз жасын ескеріп, оларды әкесіне қалдыруды жөн деп шешті.