$451.31 €504.56 ₽5.36

Үйдің шатырынан бума-бума ақша табылды

Үйдің шатырынан бума-бума ақша табылды

Шатырдан ақша табылды. Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданына қарасты ауылда бір үйдің төбесінен бума-бума бірнеше миллион теңге табылды. Мол байлықты ауылдағы жалғызбасты әйелдің  баспанасын асарлатып жөндеп жатқандардың бірі көрген. Желі қолданушылары бірден тиісті орындарға хабар берген. Табылған теңгелердің арасында ұсақ тиындардан бастап, ірі купюралар да бар. Тіпті 200 теңгелік қағаз ақша да болды. Кейіннен белгілі болғанындай, бұл ақшалар 59 жастағы әйелдің өзінің қаржысы көрінеді. Куәгерлерге әйел бұл ақшаларды 2018 жылдан бастап жинағанын, тек мұншалықты  қаражат барын өзі де ұмытып қалғанын айтыпты.  Табылған теңгелерді полиция алып кетіп, нақты кімге тиесілі екенін анықтады. Белгілі болғанындай, кейуана бұл ақшаларды шатырға өзі жинаған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша бар бірнеше пакет тапты.  Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдайлар анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.