$448.45 €501.59 ₽5.36

Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық

Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық

Ел дамуының негізі – білікті маман. Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қай саланың болмасын дамуында жұмысшы мамандардың табанды еңбегі жатыр. Елімізде соңғы жылдары оларға ерекше көңіл бөлінуде. Еңбек адамының әлеуетін арттыру мақсатында құқығын қорғау, кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан дамыту назарға алынған. Конституцияда айқындалған еңбек ету, білім алу және әлеуметтік қорғалу қағидаттары жұмысшы мамандардың мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз болады.

ГҮЛНАЗ ЖАҚАПБАЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ:

Жұмысшы мамандықтардың, жалпы мамандардың, кәсіби мамандардың Конституцияда айтылғандай толық әлеуметтік жағдайы қорғалған және жасалған деп айта аламыз. Тұрғын үймен қамтылуы жас мамандардың, сосын өзінің білімінің жалғыз Қазақстанда емес, шетелдерде жетілдіру мүмкіндігінің болуы. Бұның барлығы Конституцияда айықындалған белгілер болып табылады.