Атырау облысында биыл «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі 40 мың адамды қамтыған 500-ден астам шара өткізген. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті, ел бірлігі мен тұтастастығын нығайтатын мұндай жұмыстар әлі де жалғаса бермек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Ассамблеясының бірегей тәжірибесі Халық Кеңесінде қолданылатынын айтқан еді. Жаңартылған жүйеде этномәдени бірлестіктерге маңызды міндет жүктеліп отыр. Бірлестік өкілдері Халық Кеңесінің құрамында елдік істерге қатысты мәселерге үн қоса алады. Халық Кеңесі құрамының үштен бірін этномәдени бірлестік өкілдері құрауының өзі — жүктелген миссияның салмағын айқындайды. Бүгінде аймақта 18 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс істейді. Олар бейбітшіліктің пен келісімнің ошағы саналатын Достық үйінің шаңырағында топтасқан. Қазір өңірде Бейбітшілік пен келісім сарайы құрылысы аяқталуға жақын. Жыл аяғына дейін 4 қабатты заманауи ғиамартқа көшу жоспарланған.
ЛӘЗЗАТ ЖЫЛҚЫШИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ДИРЕКТОРЫ:
Этномәдени бірлестіктерді осы ошақ Достық үйі ошағына жинап, бір шаңырақтың астында тату тәтті өмір сүруге о серпін беріп отыр. +Құрылымдар бар: Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі Ассамблея жастары, қазір Жастар қанаты дейміз, «Жомарт жан» қайырымдылық орталық бар, журналистика тобы бар, медиация бұл құрылымдардың барлығы осы ынтымақтастыққа, бірлікке, қоғамдағы келісімге көп үлесін қосып келе жатыр.