Бельгиялықтар королі Филипппен патшайым Матильдасапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясына барған кезде корольдік жұп шет мемлекет басшылары елімізге сыйға тартқан асыл тұқымды жылқыларды тамашалады.
Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.
