Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Бұл туралы Astana TV хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашаға тағайындалғаны жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін Президент қолданыстағы мәслихаттарды мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылдаған болатын.
