$448.45 €501.59 ₽5.36

Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден озды

Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден озды
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы қайтыс болды. Қаралы хабар өнер иесінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.

“Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін”, – делінген жазбада.

Жарияланған естіртуге сәйкес, марқұмның жаназа намазы 14 қазан күні сағат 15:00-де Түркістан облысы, Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтеді.

Өнердегі әріптестері мен тыңдармандары әншінің отбасына көңіл айтып жатыр. Олардың арасында әнші Ерке Есмахан да бар.

“Иманды болсын! Алла алдынан жарылқасын!” – деп жазды ол.