$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Халықаралық әуе компаниялары Қазақстанда керосинді 40 пайызға қымбатқа сатып алады - Д.Карамалаков

AstanaTV
02.04.2018ж. 20:00
2747
Халықаралық әуе компаниялары Қазақстанда керосинді 40 пайызға қымбатқа сатып алады - Д.Карамалаков

Халықаралық әуе компаниялары Қазақстанда керосинді 40 пайызға қымбатқа сатып алады. Бұл елдегі авиацияның дамуына айтарлықтай кедергі келтіруде.  Халықаралық әуе тасымалдаушылары қауымдастығының менеджері Джордан Карамалоков осылай деді. Алыс-жақын шет елдерде мұндай баға жоқ көрінеді. Және біздің әуежайлар шет елдік ұшақтарға  отынды тиісті формулаға сай босатпайды. Карамалаков бұл мәселені соңғы 4 жылдан бері көтеріп жүргенін айтады. Үкіметке талай рет сауал да жолдаған көрінеді.

Джордан Карамалаков, Халықаралық әуе тасымалдаушылары қауымдастығының өңірлік менеджері:

281 халықаралық әуе компанияларының өкілдері конференция өткізді, айтты, хат та жазды. Мәселені тиісінше реттеу керек, шешу керек. Бұл дұрыс емес. Қазақстанда авиацияның дамуына басты кедергінің бірі осы. Тасымалдаушылардың жартысы өзгелерден 40 пайызға қымбатқа керосин құяды. Еуропадағы емес, тым құрығанда Ресейдегі бағамен теңестірсе дейміз.

Карамалаков мұндай қымбатшылықтың қолдан жасалғанын топшылайды. Және одан түскен қаржы кімнің қалтасына кетіп жатыр деген сауалдың да басы ашық күйде қалғанын меңзеді. Оның айтуынша, Үкімет жуырда бұл проблеманы шешуге уәде берген көрінеді.