$448.45 €501.59 ₽5.36

Әйелдің құрсағынан 10 келі ісік алынды

Әйелдің құрсағынан 10 келі ісік алынды

Қызылжарда дәрігерлер әйелдің құрсағынан 10 келілік ісікті алды. 48 жастағы науқас ішінде киста өсіп жатқаны жайлы бір жыл бұрын білген. Алайда оған аса мән бермесе керек. Уақыт өте келе оның ауруы дендеп, жағдайы нашарлай бастаған. Ізінше онкологиялық диспансерде операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ісіктің бастапқы көлемі бұдан да ірі болған. Оны алып шығу үшін олар әйелі алдымен дренаждау әдісі арқылы көлемін кішірейткен. Қазір кесіп алынған ісік сараптамаға жіберілді.

РИММА БЕККЕР, ЕМДЕЛУШІ:

Диагнозды маусым айында қойды. Тексерілу барысында ісік тез өсіп, қарным үлкейіп кетті. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге алғысым шексіз.

НАИДА НАБИУЛЛИНА, ДӘРІГЕР ОНКОЛОГ:

Ота екі сағатқа созылды. Өте күрделі операция болды. Дегенмен біз көздегенімізге қол жеткіздік. Қазір науқас ем алып жатыр. Біз жағдайын жіті бақылап жатырмыз.