$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аталып өтті

AstanaTV
02.04.2018ж. 20:00
4506
Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аталып өтті

Астанада "Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату" күніне арналған қайырымдылық науқаны өтті.  Шараға аутизмге шалдыққан 50-ден аса баланың  ата-аналары мен психолог мамандар қатысты. Ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршінді түсінуге және қолдауға шақырды. Науқан кезінде балалар үшін музыкалық және шығармашылық көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Әлиислам Ғазизов, «Болашақ» корпоративтік қорының өкілі:

Әр балаға әртүрлі программа жазылып,  әртүрлі программамен жұмыс істейміз. Кейбір балалар жақсы дамып келе жатса, кейбір балалар басқа жағынан жақсы дамып келе жатады. Сондықтан сол дамымай жатқан жағын іздеп, не себеп болды, сол себебін тауып, сол  ары қарай дамытуға тырысамыз.

2020 жылы әлемде әрібір отызыншы бала аутизмнен зардап шегуі мүмкін. Алматыда өткен «Аутизмді жеңеміз» атты шараның ұйымдастырушылары осындай болжам айтты. Бүгінгі күнді әлем жұртшылығы аутизм дертіне қарсы күні ретінде атап өтуде.  Елімізде 4 мың бала аутизм сырқатымен есепке алынған. Оларды қоғамға бейімдеу үшін түрлі бағдарламалар мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Соңғы бес жылда атқарылған шаралардың нәтижесі ретінде балалармен бірге қоғамдық ұйым өкілдері көк шарларды көкке ұшырды.