Алматы облысында атыс болып, жанжалға қатысқандар ұсталды. Оқиға Қосөзен ауылында болған. Куәгердің хабарлауынша, үш ер адам бір азаматқа шабуыл жасап, оның көлігіне пневматикалық қарудан оқ атқан. Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде әйнегі сынған, шанағы зақымданған көліктің видеосы тарады. Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жанжалға қатысқандар бірнеше сағат ішінде ұсталған.