Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

9 жылдан соң Тәжікстан Өзбекстанға электр энергиясын экспорттай бастады

AstanaTV
03.04.2018ж. 20:00
2635
9 жылдан соң Тәжікстан Өзбекстанға электр энергиясын экспорттай бастады

Тәжікстан 9 жылдан соң Өзбекстанға электр энергиясын жеткізуді бастады. Алғашқы кезде тәулік сайын экспорт көлемі 672 кВт/сағатты құрамақ. Кейін қуат көзін тасымалдау көлемі артады. Мұны Интерфакс агенттігі хабарлады. Осылайша, келісім бойынша биыл Тәжікстан ала шапанды ағайынға 1,5 миллиард кВт/сағатқа дейін энергия экспорттауы тиіс. Сондай-ақ қуаты 220 кВт болатын екінші электр тарту желісі дайындалмақ. Бұл келісімге екі ел басшысының кездесуінде қол қойылды. Шавкат Мирзиеев Тәжікстанға барған еді. Бұл Өзбекстан президентінің 25 жылдан кейін алғаш рет баруы. Айта кетейік, екі ел су ресурстарын пайдалану мәселесінде алауыздықтан оқшаулану саясатын жүргізіп келген еді. Ал 9-10 наурыздағы өзбек басшысының Душанбеге сапарынан кейін елдер арасы жыли түсті.