$452.59 €507.67 ₽5.48

Оралда тұңғыш AI-Психология басылымы жарыққа шықты

20.10.2026ж. 19:00
Оралда тұңғыш AI-Психология басылымы жарыққа шықты

Оралда педагог-психологтарға арналған тұңғыш AI-Психология басылымы   таныстырылды. Бұл жоба кәсіби қауымдастықтың сұранысына орай қолға алынған. Өйткені бүгінде баланың психологиялық саулығы, буллингтің алдын алу және ерекше бүлдіршіндер мәселесі өзекті. Мамандарға сенімді ақпарат беретін басылымда заңдағы өзгерістер мен заманауи әдістемелер топтастырылады. Жобаның басты ерекшелігі - материалды әзірлеуге ChatGPT Edu платформасы қолданылады.  Бұл ақпаратты жылдам әрі жүйелі өңдеуге мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылығы - газет офлайн және онлайн форматта қатар шығады.

ГҮЛЖАН ЕРҒАЛИЕВА, МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ БҚУ ДЕКАНЫ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Офлайн да шығады бұл газетіміз. Онлайн тұрғыда кері байланысқа шығады. Енді газетті бір жақсысы, ең жақсысы кюар код орналасқан. Сол кбар кодта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мүмкіндіктер бар. Сонымен бірге жас ғалымдар өздерінің пікірлерін де жаза алады. Кері байланысқа шыға алады.