Биыл 60 мыңға тарта жұмыссыз азамат жеке агенттіктер арқылы еңбекпен қамтылады деген жоспар бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлімдеді. Бүгінде электронды еңбек биржасында 36 агенттік тіркелген. Олардың қызметі тегін. Әрі бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімділігі артады. Жұмыс іздеу мен кадр іріктеу рәсімін де жеңілдетпек.
Электронды еңбек биржасында жыл басынан бері 78 мыңнан аса жұмыссыз адам тіркелген. 22 мыңдай бос жұмыс орындары бар. Бұл жүйе бойынша биыл жұмыспен қамтылғандар саны 20 мың тұрғынды құрайды. "Екі қолға бір күрек" іздегендердің көбі Алматы, Астана және Оңтүстік Қазақстан облыстарында.
Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
«Халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингі" деген ұғым енгізіледі. Бастапқы кезеңде, аутсорсингке жұмыссыздарға кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерді беру ұсынылады. Бұл биыл 60 мыңдай адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді
Ресми
деректерге сүйенсек, Қазақстанда жұмыссыздардың үлесі халықтың 4,9% құрайды.
Яғни еңбекке жарамды адамдардың 900 мыңнан астамы жұмыссыз жүр. Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарына сай, биыл 750 мың бос жұмыс
орындары ашылады. 2017-2021 жылдар
аралығында "Жұмыспен қамту - жол картасы" бағдарламасы аясында
біліктілікті арттыру курстарынан соң 550 мың адам жұмыспен қамтылады деп көзделген.