Келесі жылдан бастап шағын кәсіпкерлерді тексеруге 3 жылдық мороторий енгізіледі. Мемлекет басшысының орта бизнестке жөнсіз тексеріс пен қысым жасалмау керек деген бастамасынан соң, Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне бірақатар тапсырма жүктеді. Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту үшін не істеледі? Базаргүл Нәдірқызы айтсын.
Кәсіпкер Ләззат Досмағамбетова шағын дүкен иелерінің құқығын қорғау үшін қауымдастық құрған. Ол түрлі орган тарапынан туындаған мәселелер бірігуге мәжбүрледі ,-дейді.
ЛӘЗЗАТ ДОСМАҒАМБЕТОВА, «ҮЙ МАҢЫНДАҒЫ ДҮКЕНДЕР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Көптеген дүкендер кішкентайынан сауда жасаған, дүкен ашқан, одан қалды балалары жалғастырп жатқан дүкен болғандықтан көп жерде бұл жерде қаржылық сауатсыздық болып жатады. Карантиннің кезінде де, сонымен қатар біздерге «чекті талап ет» акциясы аясында көптегн түсініспеушіліктер болды. Сол жерде кодектсетіг көптеген заңнамаларға сәйкес заңсыз әрекеттерді әшкерелеп прокуратурамен бірге «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы үлкен көмегін тигізді.
Аймақтағы кәсіпкерлер палатасына соңғы 3 жылда 300-ден астам шағым түскен. Бизнесмендерден заңнамада көрсетілмеген қосымша құжаттарды талап еткен, мүлікті алып қою кезінде рәсімдік талаптар сақталмаған, негізсіз айыппұл салған. Тізбектей берсе, көп. Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келітірп қана қоймай, қаржылық шығынға әкелген.
НҰРЖАН ЕРМҰХАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Кәсіпкелер палатасына көптеген арыз-шағымдар келеді. Жер қатынастарға байланысты ,мемлекеттік сатып алуға байланысты, монополиялық мәселелерге байланысты. Біздің тараптан жартысынан көбі заңды кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін толықтай қолдап, олардың мәселесінің шешілуіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз.
Енді кәсіпкерлердің қыр соңына түсіп, тығырыққа тіреуге жол берілмейді. Толассыз тексерулер де тоқтайды. Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне 3 жылдық мороторий жариялау туралы ұсыныс дайындауды тапсырды. Және жыл соңына дейін орта бизнесті дамыту жоспарын әзірлеуді жүктеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ұлттық палатасымен, бизнес-омбудсменмен және депутаттар корпусымен бірге 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейінгі тәжірибеге сәйкес микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылды қ мораторий енгізу мәселесін енгізуді талқыға салсын. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту және олардың жұмысына шамадан тыс араласуға жол бермеу. Тиісті ұсыныстарды Үкіметке екі апта мерзімде енгізу керек.
Сондай-ақ жоспарда өндірістік қуаттарды технологиялық жаңарту және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарастырылады. Құжат жыл соңына дейін дайын болады. Ел экономикасының қозғаушы күші саналатын орта бизгнестің айы оңынан тумақ.