$457.09 €508.42 ₽5.67

Су - алтынмен тең, - тұрғын

AstanaTV
29.10.2026ж. 19:00
Су - алтынмен тең, - тұрғын

Расында да ысырапты ысыратын уақыт келді. Тіршілік нәрін үнемдеу бастамасын тұрғындар да қолдайды. Олар күнделікті тұрмыста да суды мақсатты пайдалану керек дейді. 

Тіршілік нәрінің тапшылығы - өзекті мәселе. Оны Президент Жолдауда да айтты. Тіпті көлік жууға таза суды пайдалануға тыйым салуды тапсырды. Сіздің көзқарасыңыз қандай?

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Дұрыс деп ойлаймын. Бүкіл жерде жуынып жатқанда постоянно қосылып тұрады ғой су. Қолданатын уақытта қосып, кейін өшіріп, кішкене қай жерде болса да азайтып, үнемдеп қолданғанға деп ойлаймын.
- Өте дұрыс айтады. Менің өз басым жалпы адам суды үнемдеп, судың қадір-қасиетін білуі керек. Ауызсумен емес, басқа сулармен де жууға болады көлікті.
- Ауызсуларды мына мәшине жууды тоқтату керек қазір уже. Оны тоқтатып, техникалық су бар өзі пайдаланылған, вот соларды өңдеу, сондай неге қазірден бастап көше беруге тиіспіз біз уже.