$453.71 €505.8 ₽5.63

Халық Кеңесінің төрағасы Ақмола облысының тұрғындарымен Президент жолдауының басым бағыттарын талқылады

AstanaTV
30.10.2026ж. 19:00
Халық Кеңесінің төрағасы Ақмола облысының тұрғындарымен Президент жолдауының басым бағыттарын талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы еліміздің экономикалық дамуының бағыттары мен жоспарын айқындап берді. Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына сапары кезінде осылай деді. Өңірдегі қоғам өкілдері, зиялы қауым, еңбек ұжымдары және этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысының жолдауында көтерілген мәселелер талқыланды. Ерлан Қошанов соңғы 7 жылда еліміз үлкен трансформацияны жүзеге асырғанын атап өтті. Осы аралықта, Жалпы Ішкі Өнім 9,8 мың доллардан 15 мың долларға дейін өскенін және Қазақстан әлемдегі ықпалды елдердің рейтингінде 34-і орынға көтерілгенін тілге тиек етті. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұлы мемлекеттер қарапайым құндылықтарға сүйеніп қалыптасады. Олар: білім, еңбек, адалдық және тәртіп. Дәл осы құндылықтар оларды әлемдік көшбасшылардың қатарына қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанды да осындай мемлекеттердің қатарынан көреді. Сондықтан, Президент «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» сияқты құндылықтар Қазақстанды осындай биік мақсаттарға бастайтын берік негіз ретінде дәйекті түрде орнықтырып, барлығымыздың санамызға сіңіріп келе жатыр. Осы құндылықтар әрқайсымыздың өмірлік ұстанымымызға, Ұлттық мінезіміздің ажырамас бөлігіне айналғанда ғана Қазақстан әлемге өнеге болатын елге айналады.