$453.87 €508.33 ₽5.65

Ақтөбе облысында шахта жұмысшысы қаза тапты

Ақтөбе облысында шахта жұмысшысы қаза тапты
Фото: BAQ.kz

Хромтауда вагондарды тіркеу жұмыстарын орындау кезінде жарақат алған жұмысшы қайтыс болды

Төтенше жағдай 29 қазанда ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтасын болды, деп хабарлайды Astana TV  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Вагондарды тіркеу жұмыстары кезінде тау-кен жұмысшысы жарақат алды. Зардап шеккен қызметкер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қолдан келген барлық шараны жасағанымен, қызметкердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, - делінген компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада. 

Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.

Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы туралы қосымша ақпарат беріледі, - деп жазылған ресми парақшада.