Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін шағын есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Astana TV.
Жедел уәкілдердің назарына көпқабатты тұрғын үй кешенінде «мефедрон» синтетикалық есірткісін дайындау арқылы есірткі бизнесін жолға қойған қаланың 34 жастағы тұрғыны ілікті. Шағын зертхананың ерекшелігі - қаскүнем жағымсыз иіс, газдармен көршілердің назарын аудармау үшін өндірісті ғимараттың ең жоғарғы қабатында әрі сорғышты үйдің желдеткіш шахтасына қосу арқылы арнайы ұйымдастырған.
Пәтерді тінту кезінде бір килограмм дайын өнім, кристалдары бар алты шыны науа, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реактивтері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразылар және жеке қорғанысқа арналған киім табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 кг, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.