$453.64 €508.17 ₽5.59

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жол құрылысы қарқынды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жол құрылысы қарқынды

Түркістан облысында жол құрылысы қарқынды. Ордабасы ауданында ауыл ішіндегі ішкі көшелерді жаңалау жұмыстары қазір қызу жүріп жатыр. Соның бірі Бадам ауылындағы көптен жөндеу көрмеген көшелер. Жергілікті халықтың қуанышын өңірдегі әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізеді. 

Бадам ауылдық округіндегі  1-мамыр көшесіндегі бұл  көріністі жергілікті халық ұзақ күткен.  Соңғы жиырма жылда жаңаланбаған ойлы-қырлы жолмен   адам тұрмақ, көліктің өзі әзер жүретін.   

ЕРҒАЛИ ОҢҒАРБАЕВ, БАДАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

50 жылдан асты өзім осы көшенің бойында тұрып келе жатқаныма. +Жаңбыр жауса, қар жауса су үймелеп, осы аяқ жағымыздың бәрі балшық боп толып қалатын. Жігіттерге рақмет, жақсылап жол салып беріп жатыр. Халыққа игілігіне жұмсалсын осы жолымыз. Бала-шағамыз бар, үлкендеріміз бар, лайға түспей, су кешпей жақсы жүре берсін. 

Ұзындығы 1,5 шақырым  бұл көше - Мамыр ауылындағы негізгі көшенің бірі. Мұнда аяқ жол салынып, жарықтандыру жұмысы да қатар жүрген. Бұрын-соңды болмаған жаяу жүргіншілер  жолы да ескеріліпті.   

ҒАЛЫМЖАН НӘЛТАЙҰЛЫ,  БАДАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көліктің жүруі ойқыш-ойқыш машинаның балондарына зиян келіп жатқан көше тұғын. Мамыр көшесінің ең қиындығы да, ең күресі де осы жол. Өйткені осы жерде 260 үй тұрады осы Мамыр ауылының бергі бетінде. Биылғы жыл бізге жақсы жыл деп есептесек болады. Өйткені әрі асфальтымыз, әрі адамдар жүретін жолаяғымыз бен жарықтандыру бірге түсіп тұрғанына біз өте қуанышты боп тұрмыз. 

Бадам ауылының өзінде биыл 25 шақырым жол асфальтталды.  Жаңа аумақтағы Орда тұрғын алабында  8 көшеге асфальт төселген. Тағы  2 көшеге жол салынуда. 

БЕРЕКЕ ОМАР, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі жыл басында 55 %  болған тұғын. Жыл қорытындысымен 60  % жоғарылайды. + Аудандық маңызы бар жолдардың  қанағаттанарлық жолдың жағдай үлесі  82 пайыздан 90 пайызға үлесі жоғарылады. 

Ордабасы ауданында биыл жалпы ұзындығы 46,5 шақырым болатын  52 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.  Соның жартысы бүгінде   аяқталды.