Ақтөбеде неке қию сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті- марқұмның бұрынғы жұбайы. Куәгерлердің сөзінше, қайғылы жағдайдың алдында марқұм мен бұрынғы күйеуі арасында жанжал туындаған. Нақты себебін полиция анықтамақ.
ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмыстың себептері мен салдарларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.