$453.64 €508.17 ₽5.59

Ақтөбеде сәулеті ерекше балабақша салынып жатыр

AstanaTV
03.11.2026ж. 19:00
Ақтөбеде сәулеті ерекше балабақша салынып жатыр

 Ақтөбе қаласының «Есет батыр» тұрғын алабында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 300 орындық арнайы балабақша салынып жатыр. Жобаның басты ерекшелігі-заңсыз иеленген және мемлекетке қайтарылған активтердің қаражаты есебінен қаржыландырылуда.  Ғимараттың архитектурасыда ерекше, гүл пішінді. Артриум мен 5 екі қабатты жапырақ тәрізді блоктан тұрады.  Балалардың дамуы мен оңалуы үшін заманауи мамандандырылған бөлмелер, бассейн, медициналық блок, акт залы, асхана мен қысқы бақ қарастырылған.  Балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау, түзете-дамыту жұмыстары мен әлеуметтік бейімдеу шаралары бір жерде жүргізілмек. 

БҰЛБҰЛ КҮЗЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

"Активтерден қайтарылған қаражатқа құны 7 млрд теңге тұратын, Есет батыр тұрғын ауданында, мөлтек ауданындағы 300 орындық арнайы балабақшаның құрылысы аяқталу сатысында. Қараша айында іске қосылады. Бұл жерде тек қана ерекше балалар болады. Сондықтан осы ерте кезден балабақшадан бастап қолдау көрсетіліп, біз балалардың неғұрлым тезірек түзелуіне жағдай жасап отырмыз".

 Бұл Қазақстанда баламасы жоқ, өңірдегі инклюзивті инфрақұрылымды мүлдем жаңа деңгейге көтеретін алғашқы ауқымды жобалардың бірі. Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, көру және есту қабілеті нашар, сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизмге шалдыққан балаларға көмек көрсетеді.