Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Соңғы 5 жылда заңсыз сақталған қарумен жасалатын қылмыс саны 44,8 пайызға азайған

AstanaTV
10.04.2018ж. 20:00
3333
Соңғы 5 жылда заңсыз сақталған қарумен жасалатын қылмыс саны 44,8 пайызға азайған

Осы Сарыағаш қаласында кісі өліміне себеп болған қару заңсыз сақталып, ішкі істер органдарында тіркелмегені мәлім болды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап берген Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов айтты.

Мақсат Байболов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

ОҚО атыс жайлы бізге мәлім. Қылмыс жасаған адамнан құрап алынған қару ішкі істер органдарында ешбір тіркеуде болмаған. Бұл мылтықтың қайдан келгенін және қалай жасырын сақталғанын әлі анықтайтын боламыз.

Ал бүгіннен бастап тұрғындардан заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау жалғаспақ.  Комитет төрағасының орынбасары берген ақпарат бойынша соңғы 5 жылда 47 мыңнан астам қару, 250 жарылғыш зат, 1,7 млн оқ-дәрі қабылданған. Ал, атыс қаруын қолданып жасалатын қылмыс саны шамамен 45 пайызға төмендеген.