Қазақстан тұрғындарының елдегі инфрақұрылымның даму деңгейіне көңілі толатындар саны артып келеді. 2024 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнамада азаматтардың 42 пайызы оң пікір білдірсе, биыл бұл көрсеткіш 57 пайызға жеткен. Бұл туралы «Халық құрылысы» жобасын талқылауға арналған сарапшылар кездесуінде айтылды. Жиында қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, жол сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері көтерілді. Сарапшылардың пікірінше, жаңа тұрғын үйлермен қатар мектептер, медициналық мекемелер, қоғамдық кеңістіктер мен сапалы жолдар салуға да басымдық берілуі керек. Олар өз ұсыныстарын әзірлеп, депутаттарға жеткізбек.
ЖҰЛДЫЗАЙ ЫСҚАҚОВА, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Бұл жоба тек экономикаға серпін беріп, ішкі сұранысты арттырумен немесе кәсіпкерлікті дамытумен шектелмейді. Оның негізінде креативті көзқарас жатыр. Мұнда дизайнерлер мен сәулетшілердің де рөлі маңызды. Біз сарапшылармен бірлесіп, қалаларды дамытудағы негізгі бағыттарды айқындап, нақты ұсыныстар әзірлейміз. Оларды депутаттарға жеткізіп, жобаны жүзеге асыру барысында ескерілуіне ықпал етеміз.