$447.14 €499.54 ₽5.46

Бүгін - статистика күні

Бүгін - статистика күні

Бүгін статистика саласының мамандары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде

Жыл сайын 8 қарашада Қазақстанда Статистика күні атап өтіледі. Еліміздегі ұлттық статистиканың тарихы дәл осы күні басталды, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл сала мамандарының еңбегі елдің экономикалық даму қарқынын бағалауға, әлеуметтік өзгерістерді бақылауға және халықтың өмір сүру сапасын талдауға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрлық технологиялардың арқасында статистикалық деректерді жинау мен өңдеу үдерістері әлдеқайда жылдам әрі тиімді бола түсті. Заманауи құралдар үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге, есептеулердің дәлдігін арттыруға және статистикалық мәліметтердің қоғам үшін қолжетімділігін кеңейтуге жол ашуда.