$447.14 €499.54 ₽5.46

Алматы облысы шаруаларына техника алу жеңілдейді

AstanaTV
09.11.2026ж. 19:00
Алматы облысы шаруаларына техника алу жеңілдейді

Алматы облысы шаруаларына техника алу жеңілдейді. Өңірде егін жинау науқанының аяқталуына орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған ашық есік күні өтті. «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамымен  «Agro Орта» алаңы бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада шаруаларға жеңілдетілген лизинг бағдарламалары мен мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Кездесуге өңір шаруалары, сала мамандары мен сарапшылар қатысты. Сонымен қатар қатысушыларға заманауи ауыл шаруашылығы техникалары таныстырылып, ашық алаңда олардың мүмкіндіктері көрсетілді. 

ӘМІР ЕСЕПБЕРГЕНОВ,  «АЛМАЛЫ» АГРО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КУРАТОРЫ:

Кеген болсын, Райымбек ауданынан болсын келген кісілер осы локацияға келіп, қалаға кептеліске кірмей өзіне қажетті деген барлық брендтегі тракторлар мен ауыл шаруашығы техникасын таңдап, КазАгроФинанс және де басқа лизинг компанияларының бағдарламаларымен лизингке техниканы қолжетімді түрде рәсімдеп алу мақсатында, яғни ол нәрсе бізде облыста техниканың жаңаруына өз септігін тигізеді.