$447.14 €499.54 ₽5.46

Тоқаев қазақ тілін дамытуда жасанды интеллектіні пайдалануды тапсырды

Тоқаев қазақ тілін дамытуда жасанды интеллектіні пайдалануды тапсырды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды  Astana TV.

Кездесуде қоғамның қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және жаңа технологиялар арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмысы талқыланды.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында 14 миллиард токеннен тұратын қазақша мәтін корпусы қалыптасып, 12 мың сағат аудиожазба жиналған.

Сондай-ақ соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тіліне дубляждалып, үлкен экранға шыққан.

Кездесу барысында Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы да таныстырылды. Қазір қорға түскен жарна көлемі 824 миллион теңгеге жеткен.

Мемлекет басшысы қоғамның жұмысына жоғары баға беріп, мемлекеттік тілді үйрету және ғылыми еңбектерді аудару кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану маңызды екенін атап өтті.