$447.14 €499.54 ₽5.46

Зейнеткердің жинағына көз тіккен: Қарағанды облысында көршісі күдікке ілінді

Зейнеткердің жинағына көз тіккен: Қарағанды облысында көршісі күдікке ілінді
Depositphotos

Қарағанды облысында 66 жастағы зейнеткердің банк картасын ұрлап, шотындағы 240 мың теңгені иемденді деген күдікпен 37 жастағы әйел ұсталды. Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға Бұқар жырау ауданына қарасты Ғ.Мұстафин кентінде болған. 66 жастағы тұрғын банк картасындағы жинаған ақшасының жоғалғанын байқап, полицияға арызданған. Келтірілген шығын көлемі 240 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы әйел зейнеткердің банк шотында қаражат бар екенін білген. Ол көршісінің сенімін пайдаланып, банк картасын жасырын түрде алып кеткен деген күдікке ілінді.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция тұрғындарға банк картасын бөгде адамдарға бермеуді және қаржылық деректерді құпия сақтауды ескертеді.