$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Литий-йондық қуаттандырғышты ұшақпен тасымалдау қауіпті

AstanaTV
23.02.2016ж. 20:00
1786
Литий-йондық қуаттандырғышты ұшақпен тасымалдау қауіпті

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы литий-йондық қуаттандырғыштарды ұшақта алып ұшуға тиым салмақ. Яғни тұрмыста қолданатын фотоаппарат, ұялы телефон және басқа да электрондық бұйымдардың қуат көзінен өрт шығу қаупі жоғары.

Сондықтан ИКАО ұйымы бірінші сәуірден бастап талаптың жүзеге асатынын мәлімдеді. Шектеу, қауіпті қуаттандырғыштарды тасымалдауға арналған «өртке төзімді орауыш» ойлап табылғанша, жалғаса бермек. Бұл туралы «Риа-НОВОСТИ», «Рейтерске» сілтеме жасап, хабарлады. Әуе компаниялары қандайда бір ақпар беруге әзірге асықпайды. Ал ұялы телефон шеберлері литий-йондық аккумуляторлардың адам өміріне қауіпті екенін жоққа шығармайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ