«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы мен «Самұрық-Қазына» қоры басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Astana TV.
Компания құқық қорғау органдарына жан-жақты жәрдем көрсететінін мәлімдеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ аталған мәселеге қатысты осыған дейін көпшілікке жария етілген ақпараттан басқа мәліметке ие емес. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жарияланбайды. Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ осы кезеңде қосымша түсініктемелер бере алмайды», делінген мәлімдемеде.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары мен іскерлік әріптестер алдындағы барлық міндеттемелерін атқара береді, сондай-ақ қолданыстағы келісімдер талаптарға сәйкес орындалатын болады.