Қостанай облысында полицейлер 38 жастағы ер адамнан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіледі, деп хабарлайды Astana TV.
Полицияның мәліметінше, тыйым салынған заттар Федоровка ауылының тұрғынынан табылған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген орамалардың ішінен жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық психотроптық зат анықталған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.