Өскемен қаласында Қаныш Сәтбаев даңғылы бойында газбаллон қондырғысымен жабдықталған автокөлік өртенді, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өртті 10 шаршы метр аумақта жедел сөндірді.
ТЖМ ескертеді: автокөлікті, оның ішінде газбаллон жабдығымен жабдықталған көліктерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыздар.
Өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.