Ақтөбеде кафедегі жойқын жарылыстан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлерге келген шығын өтеледі. Қазір мамандар техникалық тексеру жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайдан 13 пәтер мен 4 кәсіпкерлік нысанға зақым келген. Шығынды нысан иесі өтейді. Сараптамалық бағалау жұмыстарына жұмсалған қаражатты да өзі төлемек. Тиісті техникалық қорытынды дайын болған соң өтемақы көлемі заң аясында анықталады. Еске салайық, өткен жұма күні 5 қабатты тұрғын үйдің астындағы кафеде жарылыс болып, қатты соққыдан бірнеше пәтердің есік-терезесі сынып, төменгі қабаттағы өзге де бизнес нысандары бүлінген болатын. Қазір мамандар әр нысанды тексеріп, келтірілген залал көлемін анықтап жатыр.