$444.3 €490.91 ₽5.41

"Әділет" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 2 млн адам мамандардан кеңес алды

"Әділет" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 2 млн адам мамандардан кеңес алды

Қазір несиесін төлей алмай, тығырыққа тірелген азамат көп. Мұндай адам қоғамнан да шеттеп қалады дейді мамандар. Сондықтан оларға қолдау көрсету мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынған болатын.   Жобаның игілігін көргендердің бірі- Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Рабиға Үсенова. 37 жастағы жалғызбасты ана қарызға батып, шарасыз күйде қалған. Ол  мамандардан білім , әрі құқықтық кеңес  алып, мәселесін шешуде. Биыл қазан айында еліміз бойынша 4 жарым мыңға көмекке жүгінген. Соның 1714-інің берешек өтеу шарттары қайта қаралып, шоттарындағы бұғаттау алынған. 

РАБИҒА ҮСЕНОВА,  ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:

Жұмыстан қысқартылдым. Сөйтіп алған кредиттерімді төлей алмай қалдым 1,5 жыл болды. Мен қиналдым. Қиналғанда осы «Қарызсыз қоғамды» естідім да, келдім 2025те. Нәтижелі болып келе жатыр, шүкір.  Бір жағынан қаржылық сауаттылығыңды арттырады. 

ОЛЖАС ОРДАБАЕВ, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 Елімізде 1,3 млн адамның мерзімі 90 күннен асқар қарызы бар. Бұл әр бесінші қазақстандық отбасы. Қарыз тек қаржы мәселесі емес, шотына тыйым салынған адам ресми жұмысқа тұра алмайды. Жұмысымыз нәтижелі. Осы 3 жарым жылдың ішінде 2 млн-нан астам адам біздің осы жобадан көмек алды. Біреу оқудан өтті, біреу заңгерлерден кеңес алды.