Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Латын қарпіне көшу қоғам күткен реформа екені байқалады - Е.Қажыбек

AstanaTV
13.04.2018ж. 20:00
2206
Латын қарпіне көшу қоғам күткен реформа екені байқалады - Е.Қажыбек

Дүкендердің, кәсіпорындардың, тіпті мемлекеттік мекеме атауларын латын қаріпінде жазу асығыстық болғанымен, латын қарпіне көшу қоғам күткен реформа екені байқалады. Бұл Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбектің пікірі.

Бүгін Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жарияланғанына 1 жыл толуына орай шара өтті. Онда атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсаттарды айқындау мақсатында ел үшін маңызды бағдарламаны насихаттап жүрген топ бас біріктірген. Әліпбиді жетілдіру үрдісі ешқашан тоқтамайды, - деді ғалымдар. Оның сөзінше, тіпті ағылшындардың да, орыс әліпбиіне де әлі күнге өзгерістер еніп тұрады. Сондықтан бұл қалыпты жағдай.

Ерден Қажыбек, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры:

Әрине, олар асығыстық танытып отыр, кейбір прокурорлар да арыздарын латынша жазады. Бұл бір жағынан назды, екінші жағынан халық көп күткен, бұл халықтың қуанышы, халықтың ниеті. Өзіміздің төл дүниемізге бет бұруға дайын екеніміздің, бұны қуана қарсы алып жатқанымыздың жарқын кепілі деп есептеу керек.