Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

AstanaTV
13.04.2018ж. 20:00
3051
«Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылауды ұйымдастыру және ішкі партиялық тәртіпті нығайту бойынша жұмыстары айтылды. Комитет мүшелерінің айтуынша, Қызылорда өңіріндегі филиалы жұмыс атқару жағынан республика бойынша соңғы орында. Аталмыш сұрақты партиялық бақылау мүшелері, орталық аппараттың қызметкерлері ортаға салып, талқылады. Сонымен бірге, басқа да аумақтық филиалдардың жұмысында шешуді қажет ететін бірқатар проблемалар бар екені анықталды. Отырыста тексеріс кезінде белгілі болған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Қуаныш Сұлтанов "Нұр Отан" партиясының партиялық комитет төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұғанға дейін біз арнайы топ жібердік Қызылорда облысына партия комитетінің мүшелерін жіберіп. Олар сол жерде талдау-сараптау жұмыстарын жүргізіп, партия мүшелерімен сондай кездесулер өткізіп келді. Бұл жалпы партиялық тәртіпті сақтау, қалыптастыру, жауапкершілікті күшейту мақсатында. Партия жай ғана көрініс ретінде ғана болмау керек. Әркетімен дәлелдеуге сондайларға ықпал ететін болады.