Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада көпқабатты үйлердегі ыстық су демалыс күндері жасыл түске боялуы мүмкін

AstanaTV
13.04.2018ж. 20:00
2426
Астанада көпқабатты үйлердегі ыстық су демалыс күндері жасыл түске боялуы мүмкін

15 сәуірден бастап Астананың көпқабатты үйлеріндегі ыстық су ашық жасыл түске боялуы мүмкін. Осылайша мамандар жылумен қамту жүйесіне тексеріс жүргізбек.  Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» компаниясының басшылары хабарлады. Арнайы кешенді сынақ әрбір 3-4 жылда бір рет өткізіліп тұрады. Мақсаты - жылу трассаларындағы ақау мен жұмыс істемей тұрған сужылытқыш нысандарды анықтау. Бұл оларды қалпына келтіру үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді. Ол 2 аптаға созылады.

Сергей Голев,  «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Егер ыстық судың кранынан жасыл түсті су ақса, үйдегі суды жылыту жүйесінде ақау бар деген сөз. Яғни техникалық судың құбырдағы ыстық суға түскенін білдіреді. Бояғыш қауіпсіз, ыстық судың сапасына әсер етпейді. Дегенмен, ондай суды тамақ істеуге, өзге де тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланбаған дұрыс. 

Ал жылу беру маусымы 5 күн қатарынан +10 градус болған жағдайда тоқтатылады. Айта кетейік, Елордада жалпы көлемі 760 шақырымдай жылу құбыры тартылған. 7 мыңға тарта нысан орталық жылу жүйесіне қосылған.