$444.4 €488.97 ₽5.39

Сирек кездесетін дертке шалдыққан 3 айлық Алифтің еміне 1 млрд теңге қажет

AstanaTV
17.11.2026ж. 19:00
Сирек кездесетін дертке шалдыққан 3 айлық Алифтің еміне 1 млрд теңге қажет

Сирек кездесетін дертке шалдыққан қарағандылық 3 айлық Алифтің еміне 1 млрд теңге қажет. Сәбидің ата- анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды. Қаражат жиналса бала толығымен жазылып кетуі мүмкін. 

Кішкентай Алиф бір айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Өкпесіне су жиналып ауруханаға түскен. Ата- анасының айтуынша, бүлдіршінге “жұлын-бұлшықет артрофиясы"”, яғни бұлшықеттердің біртіндеп әлсіреп, семуі диагнозы қойылған. Алифтің қазіргі жағдайы- осы сирек дерттің салдары. Бүлдіршін демігеді, сілекейін жұта алмайды. Оны құтқару отбасына тым қымбатқа түсіп тұр. Құны 1 млрд теңге тұратын  дәрі ғана - аурудың дамуын тоқтататын қасиетке ие. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең қымбат дәрі Дубайда ғана салынады.

АРУЖАН ҮСЕН, АЛИФТІҢ АНАСЫ:

“1 млрд деген сумма барлық дүниемізді, туыстарымызбен барлық дүниемізді сатып жіберсек те 1 илрд деген сумма өте үлкен болып тұр және барлық қайырымды жандардан сұрайтыным ең кішігім 100 теңге болсын тіпті таратуға көмектессе де осыны ол бізге өте үлкен көмек, өте үлкен үміт. Менің балапаным болашақта жүріп, жүгіріп кететініне мен сенемін”.

Былтыр ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар тұңғыштары үшін бәріне дайын. Екеуі ұлдарының ойыншықтарына қарап өздерін жұбатып қояды. Үміттерін үзбеген. Туыстарының көмегімен Түркиядан 3 жарым миллионға “ Золгенсмаға” балама дәрі алдырған. Алайда ол  бір жарым айға ғана жетеді. Одан кейін ол дәріні облыстық денсаулық сақтау басқармасы тегін алып бермек. Бірақ бұл препараттар ауруды толық емдемейді дейді.

АҚАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АЛИФТІҢ ӘКЕСІ:

“Бүл дәрі бастапқы уақытта өте қатты көмегін көрсетеді. Бірақ бала өсе келе ол дәрі өзінің көмегінкөрсетпеуі де мүмкін. Сол үшін бізе осы 1 млрд теңгенің “ Золгенсма” деген препаратын алып , бір- ақ рет алынатын препарат, баланың ауруын тоқтатып тамтауға мүмкіндігіміз бар”. 

Отбасы бір айда 5 млн теңгеге жуық қаражат жинаған. Алайда бұл сома Алифке өмір сыйлауға жетпейді. Баланың еміне қолдау көрсеткісі келген әрбір азамат төмендегі нөмір арқылы өз үлесін қоса алады: Аружан Ү. 8 705 589 26 26.