$444.4 €488.97 ₽5.39

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полицияның бақылауында болады

AstanaTV
17.11.2026ж. 19:00
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полицияның бақылауында болады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полицияның бақылауында болады. Енді 18 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер бірыңғай базаға енгізіледі. Онда баланың аты-жөні, Жеке Сәйкестендіру Нөмірі, туған күні мен мекенжайы көрсетіледі. Сабақтан себепсіз жиі қалатын оқушылар да есепке алынып, олардың тізімі ай сайын полициямен келісіледі. Жаңа тәртіп мектептегі буллингке  қатысты. Жыл басынан бері елімізде 355 буллинг дерегі анықталған. Енді әлімжеттік туралы ақпарат түскеннен кейін жергілікті білім басқармасы оны бір жұмыс күні ішінде тіркеуге міндетті. Білім ордалары буллингке ұшыраған және қатысқан балаларға психологиялық көмек көрсетіп, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізуі тиіс.