$444.4 €488.97 ₽5.39

Атыраудағы орталық көпірдің жағдайы  тұрғындарды алаңдатып отыр

Атыраудағы орталық көпірдің жағдайы  тұрғындарды алаңдатып отыр

Атыраудағы орталық көпірдің жағдайы  тұрғындарды алаңдатып отыр. Өткелдің деформациялық жігі ашылып, күн сайын  үлкейіп барады. Мыңдаған көлік пен жаяу жүргіншілер өтетін нысан 1965 жылы салынған. Деформациялық жігі соңғы рет 1999 жылы  ауыстырылыпты.  Тұрғындар мұны алғаш жаз мезгілінде байқаған. Бүгінде көпірдің 6 жерінде  анық көрінеді. 

МАҒЖАН СҮЙІНДІКОВ,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жаздан бері байқалды.  Дөңгелегі жарылады.  Ходовой часть кетеді.  Соның бәрі расход.  Қиын болып тұр. Жөндеу керек уақытылы.

Жауаптылар техникалық зерделеу жұмысы толық аяқталмағандықтан, нақты шешім қабылдауға ерте, - деп отыр. Қорытынды қараша айының соңында ғана  шықпақ. Дегенмен жаз мезгілінде көпірдің беткі жабындысын  жаңартқан мердігер компанияға жалпы ұзындығы 96 метр болатын 6 жікті ауыстыру жүктелген. Әрқайсысының құны - 2 млн теңге. Бірақ жұмыстың қашан басталатыны белгісіз. Әзірге ауыр жүк көліктері мен техникаларға   шектеу қойылған жоқ.  Айта кетейік, қаладағы айналма көпірде де дәл осындай жағдай. Онда 8 жерінен  деформацияланған жігін  ауыстыру керек. 

СӘЛІМЖАН МУСАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

Аталған деформациялық жікті жасаудың өзінің температуралық режимі бар.  Бұл +10, +15 градус құрау керек. Қазіргі ауа райы күн салқын. Қазір, тіпті, мекемеге тиісті міндетемелерді беріп аталған  жіктерді қондыр деп айтсақ та өз тарапынан кепіл бере алмайды.